Дәрігерлер «Бұқар Жырау Тауэрс» күзетшісінің жағдайын айтты

«Бұқар жырау Тауэрс» тұрғын үй кешенінде ер адам мен күзетші арасында жанжал болып, нәтижесінде ер адам аңшы мылтығымен күзетшінің аяғынан атқан еді.

Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, барлық қажетті терапия жасалады. Оқ аяғын тесіп өткен. Барлық жедел шара жүргізілді», — деді басқарма өкілдері.

Еске салайық, 24 сәуірде Алматыдағы «Бұқар Жырау Тауэрс» тұрғын үй кешені күзетшісі мен тұрғыны арасында жанжал шықты. Тұрғын күзетшіге аңшы мылтығымен оқ атқан. Оқ күзетшінің аяғына тиіп, жарақат алды.

Күдікті осы үйдің тұрғыны, 17-қабатта тұрады, жасы 56-да. Полиция күдіктімен келіссөздер жүргізбек болды, бірақ ол берілген де, келіскен де жоқ. Керісінше, есік сыртына қарай 30-ға жуық оқ жауырды.

Кейін ол 17-қабаттағы орналасқан пәтерінің терезесінен қолындағы қаруымен бірге құлап түсті.

ДереккөзTengrinews.kz