Алматы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбектің айтуына қарағанда, арнайы операция күндіз басталды. Бұған жергілікті тұрғынның күзетшімен арасындағы болған жанжал түрткі болды.

Салдарынан тұрғын күзетшіге оқ жаудырған. Оқ аяғына тиіп, жарақат алды. Қаламыздағы медицина мекемесінің біріне жеткізіліп, оған тиісті медицина көмегі берілді, — деді ол.

Күдіктінің аты-жөні бірден анықталды. Ол — осы үйдің тұрғыны, 17-қабатта тұрады, жасы 56-да. Күдікті полиция талабына бірден мойынсұнған жоқ, келіссөздер жүргізілді.

Келіссөзді полиция, прокуратура қызметкерлерін және күдіктінің таныстарын жұмылдыру арқылы жүргізген едік, бірақ ол берілген де, келіскен де жоқ. Керісінше, есіктің сыртына қарай 30-ға жуық оқ жауырды, — деді Алматы полиция департаментінің баспасөз хатшысы.

Салтанат Әзірбек
Фото: Tengrinews.kz

Салтанат Әзірбектің сөзінше, күдікті жауапкершіліктен қорқып, өзіне қол жұмсады. 17-қабаттағы орналасқан пәтерінің терезесінен қолындағы қаруымен бірге құлап түсті.

Қазіргі таңда оқиға болған жерде жедел тергеу тобы жұмысын жүргізіп жатыр. Болған оқиғаның толық мән-жайы, себеп-салдары әлі де анықталады. Бұл туралы арнайы хабардар етеміз. Полиция қызметкерлері және жергілікті тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ. Ал күндіз зардап шеккен күзетші қазір ауруханада, — деді ол.

Фото: Polisia.kz

Полиция өкілі оқ атқан ер адам көршілерімен көп жанжалдасқанын, қайта-қайта ұрыс-керіс шығарғанын айтты және операцияның не себепті ұзаққа созылғанын түсіндірді.

Көпқабатты үй, көппәтерлі үй болғандықтан біз бірінші кезекте азаматтарды эвакуацияладық, екінші кезекте бұл азаматтың өз бетінше берілуін талап еттік. Полиция тарапынан қандай да бір оқ, қару пайдаланылған жоқ, тек дыбыс шығаратын гранаталар қолданылды, — деді Салтанат Әзірбек.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Almaty | KZ | Telegram (@kris_p_almaty)