Басты бетҚоғамҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің отырысын өткізді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жиынның күн тәртібінде бес мәселе қарастырылды. Ұлттық жобаларды әзірлеу жұмыстары жайында Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов баяндама жасады.

«Цифрлық Қазақстан» ұлттық жобасының трансформациясы туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты. Ауылшаруашылығы министрі Сапархан Омаров агроөнеркәсіп кешенін 2026 жылға дейін дамытудың ұлттық жоспары дайындалып жатқанын мәлімдеді. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев «жаңадан» реттеу тетіктерінің енгізіліп жатқаны жөнінде хабарлады. Жоғары Сот төрағасы Жақып Асанов пен президент әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов құқық қорғау және сот жүйесін реформалау жайындағы ұсыныстарын баяндады.

Фото: Akorda.kz

Жиынға қатысушылардың баяндамаларын тыңдаған президент реформалардың стратегиясын дайындау перспективаларына кеңірек тоқталды. Мемлекет басшысы әр баяндама бойынша ескерту айтып, нақты тапсырма берді.