Бұл туралы Сәкен Майғазиев Instagram-парақшасында жазды.
Халқымнан, президенттен, имамдардан, мұғалімдерден, мемлекеттік қызметкерлерден, медицина, полиция қызметкерлерінен әулие емес шығармын, көппен көрген ұлы той, кеше мен де @mediker_shymkent орталығында «Спутник V» екпесін салдырдым. Ешкім мәжбүрлеген жоқ, мен де ешкімді үгіттемеймін. Былтырғыдай өлім-жітім көбеймесе екен, ең болмаса таралуына себепші (носитель) болмасам екен деген ниет, — деп жазды әнші.
«Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымының директоры вакцина салдырғаннан кейінгі жағдай жақсы екенін, ешқандай ауыртпалық сезбегенін жазды.
Бір Аллаға шексіз шүкір, жағдайым жақсы. Таңғы төртте тұрсам, терлеп жатыр екем. Ешқандай ауыртпалық сезбедім, — деді Сәкен Майғазиев.
Сәкен Майғазиев сонымен бірге коронавирусқа қарсы вакцина оразаны бұзбайтынын да жазған.
Айтпақшы, @muftiyatkz @ongaryershat пәтуәсы бойынша аузы берік адамға екпе салдыру оразаны бұзбайды екен. Баршаңызды бір Алла қолдап жүрсін, жақсыларым, — деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, әнші, «Музарт» тобының мүшесі Cәкен Майғазиев 2020 жылдың 23 желтоқсанында «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директорынің міндетін атқарушысы болып тағайындалды.