Коронавирусқа қарсы вакцина оразаны бұза ма?

Комитет өкілдері мешіт қызметкерлерінен екпенің оразаны бұзатындығын немесе бұзбайтынына түсініктеме алды.

Егер белгілі бір заттың ас қорыту жүйесіне ауыз, мұрын сияқты табиғи саңылаулар арқылы енсе, ораза бұзылады.  Инъекциялар кезінде және коронавирустық вакцинаны енгізу аталған жағдайларға жатпайды. Сондықтан COVID-19-ға қарсы вакцинаны қабылдау оразаны бұзбайды, — деген мешіт өкілі.

Санитарлық-эпидемиологиялық комитетінің хабарлауынша, сонымен бірге мешіт қызметкерлері емдеу мақсатында қолданылатын инъекцияларға рұқсат етілгенін (дәрумендер мен  қоректік қасиеті бар инъекциялар жатпайды) мәлімдеген.

Айта кетейік, биыл Рамазан айы 13 сәуір мен 12 мамырға сәйкес келіп тұр.

Еске салайық, Baribar.kz редакциясы пандемия жағдайында ораза ұстау ережелері туралы бірнеше материал дайындаған еді. Төмендегі сілтемелерге өтіп, оқи аласыздар.