Cәкен Майғазиев Шымкент мәдениет үйін басқарады

Бұл туралы Шымкент мәдениет басқармасы Instagram-парақшасында хабарлады.

Шымкент мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ханзада Есенованың бұйрығымен «Шымкент мәдениет үйі» концерт ұйымы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директорының міндетін атқарушысы болып Сәкен Майғазиев тағайындалды, — делінген жазбада.

Сәкен Майғазиев 1975 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысының Созақ ауданында дүниеге келген.

1993 жылы Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінде «Соқпалы аспаптар және эстрада әншісі» бөлімі бойынша білім алған.

1997 жылы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының «Эстрада әншісі» бөлімі бойынша білім алған.

2001 жылдан бастап «МұзАРТ» тобында ән айтады.

2012 жылдан бастап Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінде оқытушы қызметін атқарды.

2018-2020 жылы аралығы Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы шығармашылық жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры қызметін атқарды.

Сәкен Майғазиев — Қазақстан Республикасы мәдениет қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.