Басты бет / Жаңалықтар /
Дәрі-дәрмектер аптечка
Фото: Inform.kz

2017 жылы дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды

Алдағы жылы дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды. Биыл ерте қамданған фармацевтер препараттардың 94 пайызын дайындап қойған. Қазірде ең керекті дәрілердің 30 пайызы бірыңғай дестребютерлердің қоймаларына жеткізіліпті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «СК-Фармация» жауапкершілігі шектеуші серіктестігінің басқарма төрағасы Нұржан Әлібаев мәлімдеді.

Алдын ала сатып алу нәтижесінде 11,7 миллиард теңге ақша үнемделген. Жалпы 2017 жылға фармацевтика саласына 108 миллиард теңге бөлініпті. Сондай-ақ дәріханалардағы баға мониторингі күшейтілмек. Заң бойынша препараттардың өзіндік құны 25 пайыздан аспауы тиіс деді басқарма төрағасы.

Нұржан Әлібаев, «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы: — Қазіргі таңда 902 препаратты сатып алдық. Соның 463-і – қазақстандық, отандық. 52 пайызды құрап отыр. Ал енді қазіргі таңда сапасы жөнінде халықаралық стандарттардан өткен. Біз қазіргі таңда осы 2017 жылдың дәрі-дәрмектерін осы 25-інен кейін қамтамасыз етуге дайынбыз. Егерде жергілікті әкімшіліктер кепілдік хаттар берсе, біз осының барлығын қамтамасыз етуге толық дайынбыз.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram

2 Пікір

  1. З
    Зейнеп 9 жыл бұрын
    Бизде тегин дари таусылды деп отыр енди сатып аламызба учотта турган балага жыл аягына дейин неге толык берилмейди .депакин дарисин узбей ишуимиз керек еди.
  2. З
    Зейнеп 9 жыл бұрын
    Кызылорда каласында депакин тегинге жок таусылды деп отыр. Биз узбей ишуимиз керек учотта турган 3 ке енди толамыз. Жыл аягына дейин неге берилмейди.