Алексей Цойдың мәліметінше, 2021 жылдың сәуірінде эпидемиология ахуалы нашарлағаны байқалды. Сәуірдің алғашқы 11 күнінде 24 955 дерек тіркелді. Наурыздың осы кезеңімен салыстырғанда ауру жұқтыру дерегі үш есе көбейді. Тәулігіне 2 800 науқас анықталады.
коронавирус жұқтыру дерегі Қостанай және Түркістан облыстарынан басқа барлық өңірде көбейіп жатыр. Инфекция жұқтырғындардың 61%-і үш өңірге тиесілі — Нұр-Сұлтан, Алматы және Алматы облысы. деді Алексей Цой Үкімет отырысында.
Денсаулық сақтау министрі коронавирус жұқтыру дерегімен қоса инфекциядан қайтыс болғандар саны көбейгенін айтты. Ақпанмен салыстырғанда, наурызда COVID-19-дан қайтыс болғандар 1,4 есе өсті.
Өлім деректерінің 57%-і Нұр-Сұлтан, Алматы, Алматы облыстарына тиесілі. Сәуірде бір тәулікте тест тапсыратындар саны 48 мыңға дейін көбейгені байқалады, — деді ол.
Қазақстанда 12 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирустың 271 809 дерегі анықталды. COVID-19 бойынша «жасыл» аймақта тек Шығыс Қазақстан және Түркістан облысы қалды.