Қазақстанда тағы 2 290 адамнан коронавирус анықталды

Жаңа дерек Алматы (610) мен Нұр-Сұлтанда (398); Алматы (283), Қарағанды (205), Батыс Қазақстан (118), Атырау (110), Ақмола (108), Ақтөбе (105) облыстарында көп тіркелді.

Өңірлерде бүгінге дейін және бір тәулікте тіркелген дерек саны:

Алматыда — 41 689 (+610);
Нұр-Сұлтанда – 35 990 (+398);
Шығыс Қазақстан облысында — 23 352 (+33);
Атырау облысында — 19 982 (+110);
Павлодар облысында — 19 523 (+48);
Қарағанды облысында — 19 301 (+205);
Алматы облысында — 16 872 (+283);
Батыс Қазақстан облысында – 16 385 (+118);
Ақмола облысында – 16 208 (+108);
Қостанай облысында — 14 192 (+31);
Солтүстік Қазақстан облысында — 13 359 (+36);
Шымкентте — 7 610 (+53);
Жамбыл облысында – 6 792 (+53);
Ақтөбе облысында — 6 709 (+105);
Маңғыстау облысында — 4 726 (+37);
Түркістан облысында – 4 712 (+27);
Қызылорда облысында — 4 407 (+35).

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 271 809-ға жетті. Оның 234 665-і жазылып шықты, 3 236-сы қайтыс болды.

COVID-19 белгілері бар пневмония

10 сәуірдегі мәлімет бойынша 37 дерек тіркелді, 125 адам жазылып шықты. 3 жағдай өліммен аяқталды.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 51 399 адам коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырған, оның 50 102-сі аурудан айықты. 727 науқас қайтыс болды.