Түркістан мен Шығыс Қазақстан облыстары ғана «жасыл» аймақта қалды

Бүгін, 12 сәуірде Қостанай облысы коронавирус бойынша “жасыл” аймақтан “сарыға” өтті.

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан мен Алматы, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр.

«Сары» аймақта: Шымкент және Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары.

«Жасыл» аймақта Түркістан мен Шығыс Қазақстан облыстары қалды.

Айта кетейік, елімізде кейінгі тәулікте 2 290 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.