Басты бетҚоғам"Қазақстан темір...

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы ауысты

Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының баспасөз қызметі хабарлады.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басқармасының шешімімен Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бүгін «ҚТЖ» АҚ-ның жаңа басшысын ұжымға «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев таныстырды, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Нұрлан Сауранбаев Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылған еді.

Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы Жамбыл облысында туған. 1991 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және 2002 жылы “ЭНИ-АДЖИП” мұнай өнеркәсібін оқыту орталығын (Милан, Италия) оқып бітірген.

1991-1997 жылдары Еңбек ЖШС директоры.

1997-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Кәсіпқорлар конгресінің атқарушы директоры.

1998-2000 жылдары “Қазақстан темір жолы” РМК департамент директоры.

2000-2001 жылдары “Атырау мұнай өңдеу зауыты” ААҚ бірінші вице-президенті.

2001-2002 жылдары “Атырау мұнай өңдеу зауыты” ААҚ “Қазақойл” ұлттық мұнай компаниясы” ЖАҚ реконструкция жобасын басқару бойынша топтың басшысы, бас менеджері.

2002-2004 жылдары “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы” ЖАҚ Инжиринг және сервистік қызмет көрсету жобаларын басқару департаментінің директоры.

2004-2007 жылдары “ТеңізСервис” ЖШС бас директоры;

2007-2010 жылдары “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы” АҚ басқарушы директоры.

2010-2011 жылдары “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ басқарма төрағасы орынбасарының кеңесшісі.

2011 жылғы қаңтар-мамыр “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ басқарушы директоры.

2011-2014 жылдары Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі.

2014-2016 жылдары Қорғаныс министрінің орынбасары.

2016-2017 жылдары Халықаралық “ЭКСПО-2017” мамандандырылған көрмесін әзірлеу және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетінің басшысы, штаб төрағасының орынбасары.

2017-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының әкімі.

2019 жылдан бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болды.