Нұрлан Сауранбаев Шымкент қаласының әкімі қызметіне тағайындалды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі мен қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен тағайындалған шаһардың жаңа әкімі Нұрлан Сауранбаевты таныстырды.

Нұрлан Ермекұлы 1967 жылы Тараз қаласында туған.

1991 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

2001-2002 жылдары —ЭНИ-Аджип Милан мұнай өндірісіне үйрету орталығы (Италия).
2016 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің магистратурасын «Әскери және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша тәмамдады. Экономика ғылымдарының кандидаты.

1991-1997 жылдары — «Еңбек» компаниясының бас директоры;
1997-1998 — Қазақстан кәсіпкерлері Конгресінің атқарушы директоры;
1998-2000 — «Қазақстан теміржолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Жолаушылар тасымалы» еншілес кәсіпорнының директоры;
2000-2002 — «АНПЗ» ААҚ бірінші вице-президенті;
2002-2004 — «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ инжиниринг және сервистік қызмет департаментінің директоры;
2004-2007 — «ТенизСервис» ЖШС бас директоры;
07.2007 — 06.2010 — «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ мұнай тасымалы бойынша басқарушы директоры, сервистік жобалар бойынша басқарушы директоры.

2011 жылдың мамыр айынан — Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі.
2014 жылдың тамыз айынан — Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары.
2016 жылдың 31 қазан күні бұл лауазымнан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен босады.

2008 жылдың сәуір айынан бастап — «ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі;
11.2010-06.2011 — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

«Құрмет» Орденімен марапатталған.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Нұр Отан» партиясының хатшысы қызметіне тағайындалды.