Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада.
Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы Жамбыл облысында туған. 1991 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және 2002 жылы “ЭНИ-АДЖИП” мұнай өнеркәсібін оқыту орталығын (Милан, Италия) оқып бітірген.
1991-1997 жылдары Еңбек ЖШС директоры.
1997-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Кәсіпқорлар конгресінің атқарушы директоры.
1998-2000 жылдары “Қазақстан темір жолы” РМК департамент директоры.
2000-2001 жылдары “Атырау мұнай өңдеу зауыты” ААҚ бірінші вице-президенті.
2001-2002 жылдары “Атырау мұнай өңдеу зауыты” ААҚ “Қазақойл” ұлттық мұнай компаниясы” ЖАҚ реконструкция жобасын басқару бойынша топтың басшысы, бас менеджері.
2002-2004 жылдары “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы” ЖАҚ Инжиринг және сервистік қызмет көрсету жобаларын басқару департаментінің директоры.
2004-2007 жылдары “ТеңізСервис” ЖШС бас директоры;
2007-2010 жылдары “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы” АҚ басқарушы директоры.
2010-2011 жылдары “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ басқарма төрағасы орынбасарының кеңесшісі.
2011 жылғы қаңтар-мамыр “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ басқарушы директоры.
2011-2014 жылдары Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі.
2014-2016 жылдары Қорғаныс министрінің орынбасары.
2016-2017 жылдары Халықаралық “ЭКСПО-2017” мамандандырылған көрмесін әзірлеу және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетінің басшысы, штаб төрағасының орынбасары.
2017-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының әкімі.
2019 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.