Мемлекет басшысы дәрігерлерге ризашылығын білдірді

Бұл туралы президент Twitter-парағында жазды.

Бүгін Дүниежүзілік денсаулық күні. Қазіргідей қиын кезеңде денсаулық сақтау саласының тиімді жұмысы – адамзат өмірінде қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Пандемияның алғашқы күнінен бастап медицина қызметкерлері адам өміріне араша түсіп, коронавирусқа қарсы күрестің алдыңғы шебінде жүр. Қолжетімді және сапалы медицина жүйесі – жалпыұлттық басымдық, — деп жазды президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев медицина саласын қаржыландыру көбейіп, дәрігерлердің жалақысы артқанын айтты.

2020 жылдан бастап медицина саласын қаржыландыру 1,5 есе көбейді. 2021 жылы 1 қаңтардан бастап сала қызметкерлерінің жалақысы көтерілді. Азаматтардың денсаулығын қорғаудағы жанкешті еңбегі үшін дәрігерлерге ризашылығымды білдіремін, — деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, кеше кешке Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарағандыдағы фармацевтика зауытында өндірілген «Спутник V» вакцинасын салдырғаны хабарланды.