Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматыда комплаенсті бизнесте алға жылжыту бойынша халықаралық онлайн-кездесу өтті

Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы бойынша департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, конференцияға Қазақстан, Ресей және Арменияның бизнес өкілдері қатысты.

Бүгінде елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің өзектілігі мен маңызы заңнама деңгейінде айқындалған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс көп квазимемлекеттік және жеке секторда жүзеге асырылып жатыр.

Компаниялар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес коммерция тұрғысыннан орынды, өйткені ол бизнес үшін беделге және қаржылық шығындарға нұқсан келтіреді.

Конференция барысында Алматының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Данияр Таумұрат бизнес секторында комплаенс-қызметтер институтын енгізудің маңыздылығын айтты.

Отандық кәсіпорындардың әлемдік нарыққа шығуы және шетелдік компаниялардың келісімшарт жасасуға мүдделілігі олардың компанияға және елге деген сеніміне тікелей байланысты. Яғни, компанияда дұрыс құрылған комплаенс бақылауы бизнесті құруда саналы тәсілі. Оның мақсаты ішкі және сыртқы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы тұруға бағытталған, — деді Данияр Таумұрат.

Аталған конференция комплаенсті одан әрі жетілдіру бойынша халықаралық сарапшылармен озық тәжірибе алмасу үшін ашық алаңға айналды.