Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен 2018 жылдан бастап «Қазақ Инвест» ҰК акционерлік қоғамы және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп «Бизнес пен Инвестицияларды қорғау» жобасын іске асырып жатыр.
Жобаның негізгі мақсаты — қолайлы инвестиция ахуалын нығайту, кәсіпкерлер кездесетін барлық процесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу арқылы бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік органдарға сенімін арттыру.

Бүгінде Алматы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуімен жалпы инвестиция сомасы 200 миллиард теңгеден астам 35 бизнес-жоба жүзеге асырылып жатыр.
Бірнеше ірі инвестор «Protecting Business and Investments» жобасы шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қосылу туралы шешім қабылдады.
Олардың арасында Түрксіб ауданында 590 адамға арналған мектеп салу жобасын жүзеге асырып жатқан «Ботагөз» ЖШС сияқты отандық кәсіпкерлер де бар. Бұл ауданда жаңа мектептер қажет болғандықтан, әлеуметтік жоба Түрксіб ауданының тұрғындары үшін өте қажет.
Жобаны іске асыру барысында «Ботагөз» ЖШС мектеп құрылысына рұқсат беру құжаттарын келісу сатысында бірқатар проблемаға тап болды.
Осы мәселелерді шешу мақсатында «Protecting business and investments» жобалық кеңсесінің қызметкерлері тұрақты негізде заң консультацияларын және уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен жұмыс кездесулерін ұйымдастырды.
Сонымен бірге жобалық кеңсенің қызметкерлері қоғамдық тыңдауларға, кездесулерге, мектепті жобалау және салу жөніндегі комиссияның отырыстарына және т. б. іс-шараларға тікелей қатысты.
Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр, әлеуметтік нысанды пайдалануға беру мерзімі ағымдағы жылдың шілде айына жоспарланып отыр.
