Ақтөбе облысында карантин күшейтілді

Жаңа қаулыда тыйым салынғандар:

— конференциялар, көрмелер, форумдар, ойын-сауық, сондай-ақ адамдар көп жиналатын отбасылық, салтанатты, мерекелік корпоративтерді, естелік және басқа да іс-шараларды, оның ішінде үйде;

— ас беруге;

— ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютер клубтары, түнгі және ойын клубтары, боулинг-орталықтары, кальян (оның ішінде қоғамдық тамақтандыру объектілері жанындағы), жабық үй-жайдағы балалар ойын алаңдары және аттракциондар, батуттар және басқалар), букмекерлік кеңселердің және лото-клубтардың қызметтеріне, оның ішінде лотерея ұтыстары;

— кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне;

— бастауыш, орта жәненегізгі орта деңгейдегі білім беру, орта және жоғарғы оқу ұйымдарындағы асхана жұмысына;

— банкет залдарының қызметіне;

— жексенбі күні сауналардың қызметіне тыйым салынады.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқи аласыздар. Қаулы 2021 жылдың 24 наурызы 00:00-ден бастап күшіне енеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да