Бұл туралы Білім және ғылым министрі мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты.
ҚазҰУ жер телімін түзетуге қатысты пост жариялағаннан кейін, тез арада министрліктің жұмыс тобы құрылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, баяндалған барлық фактіні тексеруді бастады. Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша ҚазҰУ жер учаскесінің 0,779 гектарға азаю фактісі расталды, — деді Асхат Аймағамбетов.
Ведомство басшысының айтуынша, осыған байланысты жер учаскелерін басқару бөлігінде ҚазҰУ қызметін толыққанды зерттеу мақсатында министрлік кешенді тексеру жүргізуді жоспарлаған.
Дегенмен, наурыз айында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚазҰУ-ға аудит бастауына байланысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тексеріс жүргізу мүмкін емес. Сонымен бірге 2021 жылғы 10 ақпаннан бастап ҚазҰУ-ға жаңа басшылық тағайындағанын атап өткен жөн, — деді министр.
Айта кетейік, 17 ақпанда Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындарға есеп беру кездесуінде ҚазҰУ жері жекеменшікке өтпейтінін айтқан еді.