ПТР-тест құны туроператор пакетіне енгізілетін болды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шешім туристік операторлармен, «Атамекен» ҰКП-мен, Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен талқылау қорытындысы бойынша қабылданды, — делінген хабарламада.

Бүгінде шетелден келгендердің 80%-інде ПТР-тест болмаған. Олардың 41%-і Египеттен, 27%-і Мальдивтен, 16%-і БАӘ-мен және 8,3%-і Түркиядан келген.

Айта кетейік, шетелден келген демалушылардың 80%-інде коронавирус инфекциясы анықталып отыр. Египеттен келген 96 адамнан, БАӘ-ден келеген 51,  Түркиядан келген 50 адамнан COVID-19 анықталған.