Өзбекстан шетелдік туристердің кіру тәртібін жеңілдетті

Бұл туралы Podrobno.uz сайты хабарлады.

Енді жолаушылар Өзбекстанға келгенге дейін кемінде 72 сағат бұрын жасаған ПТР-тестің теріс нәтижесін ұсынуы керек.

25 наурыздан бастап сапасы күмән тудырмайтын зертханаларда жүргізілген талдау нәтижелері ғана жарамды болады.

Арнайы республикалық комиссия қазірдің өзінде салалық ведомстволарға әрбір елде осындай кемінде он медицина мекемесінің тізімін әзірлеуді тапсырды. Сол мекемелерде жасалған тест нәтижесі бар жолаушы елге кіре алады.

Өзбекстан билігі санитария-эпидемиология жағдайының айтарлықтай жақсарғанын айтады.

Елде 28 қаңтардан бастап концерт, ойын-сауық іс-шаралары қайта басталды, тамақтану кәсіпорындары мен ойын-сауық орындарының жұмысына шектеулер алынып тасталды. Тек маска тағу мен әлеуметтік қашықтық сақталуы керек.

ДереккөзKaz.tengritravel.kz