Қазақстанда коронавирустың жаңа штаммы анықталды ма?

Бұл туралы Премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсы хабарлады.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында COVID-19-дың жаңа штаммдарын жұқтыру дерегі Қазақстанда тіркелмегенін айтты.

Қыркүйек пен қаңтар аралығында ел аумағында таралатын КВИ вирустарын геномдық зерттеу нәтижелері бойынша коронавирустың («британдық», «оңтүстікафрикалық», «бразилиялық») жаңа штаммдары анықталған жоқ. Қазіргі уақытта мутациялардың бар-жоғын анықтау үшін ақпан-наурыз айларында анықталған оң үлгілерге генетика зерттеуі жүргізіліп жатыр, — деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, бүгінде 14 елмен әуе қатынасы қалпына келтірілген.

Рейстер саны аптасына 95 рейске дейін ұлғайтылды, ең көп келетін жолаушылар саны Нұр-Сұлтан және Алматыға тиесілі, 6 қазаннан бастап мемлекеттік шекараны 1 млн-нан астам адам кесіп өтті, тестіленгені – 203 мың, 1 042 науқас анықталды, — деді Алексей Цой Үкімет отырысында.