Алексей Цой: Сәуірде тәулігіне 1700 адам коронавирус жұқтыруы мүмкін

Оптимистік сценарий бойынша сәуірде тәулігіне 500 дерек тіркелуі мүмкін, пессимистік сценарий бойынша 1 700-ге дейін жетуі мүмкін, — деді ведомство басшысы үкімет отырысында.

Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 225 685-ке жетті, оның 207 371-і жазылып шықты. 2 865 адам қайтыс болды.

Коронавирус бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Батыс Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта. «Сары аймақта» Ақмола, Қарағанды, Атырау, Алматы облыстары бар. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.

ДереккөзTengrinews.kz