Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы әуежайындағы кешіктірілген рейстердің жолаушыларына кеңес беру үшін «Қазақстанның авиация әкімшілігі» акционерлік қоғамы ахуалдық орталығы 8 717 279 82 29 нөмірі бойынша жедел желі телефонын іске қосты, — делінген хабарламада.
Байланыс орталығы сағат 00:00-ге дейін жұмыс істейді.
Еске салайық, бүгін, 13 наурызда Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы сағат 17.22-де радардан жоғалып, қала әуежайы жанындағы Қызылту ауылы маңына шұғыл қонбақшы болған. Ұшақ бортындағы төрт адам қаза тапты, екеуі Алматының 4 клиника ауруханасына жеткізілді.
