Бүгін футболдан Қазақстан біріншілігі басталады

Бүгін, 13 наурызда алты команда өзара кездеседі.

Биылғы Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігін «Қайрат» (Алматы) — «Жетісу» (Талдықорған) командалары ашады. Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтеді, бірақ жанкүйерлер кіре алмайды. Ойын сағат 15:00-де басталады. Бұл матч Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

16.00-де «Атырау» (Атырау) мен «Шахтер» (Қарағанды) ойнайды.

17.00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Астана» (Нұр-Сұлтан) клубтары жасыл алаңға шығады. Матч Түркістандағы жаңадан салынған «Түркістан-арена» стадионда өтеді.

«Атырау» — «Шахтер», «Тұран» — «Астана» ойындарын pflk.tv сайтында да тамашалауға болады.

Ал 14 наурызда қалған төрт ойын болады.

15.00-де «Каспий» (Ақтау) мен «Ақтөбе», «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қызылжар» (Петропавл) футбол командалары шеберлік байқасады.

17.00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Тараз», «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақжайық» (Орал) командалары кездеседі.

Айта кетейік, ел біріншілігі 30 қазанда мәресіне жетеді. Әрбір команда 26 ойыннан өткізеді.

Еске салайық, футболдан Қазақстан суперкубогінде «Тобыл» командасы жеңімпаз атанған еді.

ДереккөзҚазАқпарат