Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жандарбек Бекшин Алматыда коронавирус жағдайы әлі де жақсармағанын баса айтты. 2021 жылдың басынан бері мегаполисте 6 252 адам коронавирус жұқтырған, ал 25 ақпанда 110 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған.
Алматыда R коэффициенті (вирус жұқтыру репрезентаты) — 1, ал кейінге 7 күнде вирус жұқтыру көрсеткіші — 100 мың тұрғынға шаққанда 38 жағдай, бұл эпидемиология жағдайын бағалау матрицасының «жасыл» аймағына сәйкес, «сары» аймаққа жақын», — деді Жандарбек Бекшин.
Қаланың бас санитар дәрігері алматылықтар санитария-эпидемиология талаптарын елемей, адамдар көп шоғырланған жерлерге барса, бұл көрсеткіш өзгеруі мүмкін екенін айтты.
Мысалы, кейінгі күндері «Шымбұлақ» пен «Медеудегі» тұрғындар тобын көптеп кездестіруге болады. Алматылықтар мұның саябақтарға, алаңдарға, сауда және ойын-сауық орталықтарына баруға да қатысты екенін ескеруі керек, әсіресе демалыс және мереке күндері. Себебі мұндай жерлерде инфекцияның симптомсыз формалары бар науқастар болуы мүмкін.
Алматыда коронавирус жұқтыру дерегінің 43%-тен астамы қоғамдық орындарда болған. Көктемгі мерекелерді атап өту вирустың жаппай таралуымен аяқталмауы керек, — деді ол.
