Қазақстанда 1 наурыздан бастап карантин талабы жеңілдейді

Бұл туралы ол Facebook парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, 24 ақпанда Ведомствоаралық комиссияда «жасыл» және «сары» аймақтағы жағдай талқыланған. Ол 1 наурыздан бастап күшіне енеді.

 «Жасыл» аймақтағы өңірлерде:

  • Спорт шараларының көрерменмен өтуіне (адам саны талқыланып жатыр);
  • 50 адамға дейінгі еске алу шараларын өткізуге;
  • Бильярдтардың жұмысына;
  • Үй-жайлардағы балалар ойын-сауық клубтарының қызметіне;
  • Цирк жұмысына рұқсат етілді.

«Сары» аймақ үшін:

  • Жексенбі күні базарлардың, сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысына шектеулер алынып тасталды.

Ashyq қосымшасы бойынша:

  • Боулинг;
  • Компьютер клубтары;
  • Фитнес-орталықтар, бассейндер жұмыс істейді.

Айта кетейік, 24 ақпандағы жағдай бойынша «сары» аймақта Ақмола, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан бар. Қалған өңірлердің барлығы «жасыл» аймақта орналасқан.

ДереккөзTengrinews.kz