Кремль «Путиннің сарайы» туралы фильмге қатысты пікір білдірді

Жоқ, танысып шықпадық. Негізінде, бұл өтірік», — деді Песков журналистердің «Путиннің сарайы» туралы жарияланыммен танысып шықтыңыз ба?» және «Бұл ғимарат президентке арналып салынған ба?», сонымен қатар «Ақпарат рас па?» деген сұрақтарына жауап бере отырып.

YouTube-те жарияланған «Путинге арналған сарай. Ең үлкен параның тарихы» бірнеше сағат ішінде 11 миллионнан астам қаралды. Видео сипаттамасында Навальный оны Ресейге оралғанға дейін түсіргені айтылған.

Фильмге 400 мыңнан аса пікір жазылып, Путиннің жақтастары да, Навальныйдың жақтастары да пікір білдірген. Біреулер тіпті әзілдепті. «Путиннің әжетханасындағы орындық пәтеріңнен қымбат болғанда», «Окей, Гугл: Путиннің туысқаны болудың жолы бар ма?» депті қолданушылар.