1 тамыздан бері барлығы 48 700 адам пневмониямен ауырды, 602 науқас қайтыс болды. Ал жазылып шыққандардың саны 39 478-і жетті.
Сонымен бірге коронавирустан 6 адам қайтыс болды.
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 22 733 адам ем қабылдап жатыр. Стационарларда 5 090 науқас бар. 17 643 адам амбулатория жағдайында емделіп жатыр.
Жалпы науқастардың арасында 255 адамның ахуалы нашар. Сонымен бірге 47 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланған. 38 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.
