Еңбек жолын 1999 жылы Астана бойынша Қазынашылық басқармасының төлемдерді реттеу және бақылау бөлімінің аға қазынашысы қызметінен бастады. 2000-2001 жылдары — Астана бойынша Қазынашылық басқармасының жетекші қазынашысы, бас қазынашысы. 2001 жылдан 2006 жыл аралығында Қаржы министрлігінің құрылымында бас маманнан бастап басқарма бастығына дейін түрлі лауазымдарды атқарды.
2010-2013 жылдары республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің құрылымында жұмыс істеді.
2013-2019 жылдары — ҚР Президент Әкімшілігі бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі.
2019-2021 жылдары — ҚР сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы.