Демалыс күндері Қазақстанның батыс және солтүстік өңірлерінде жауын-шашын жауады, қалған аймақтарда күн жылиды.
Мәскеу аудандарынан келетін циклон республиканың батыс және солтүстік аймақтарына ауысуды жалғастырып жатыр. Оның келуімен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Ауа температурасы жоғарылап, жаяу бұрқасын, жел күшейеді, — делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжауынша, ел аумағының қалған бөлігі жоғары қысым аясында болуына байланысты көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.
