Басты бетҚоғам Қытай билігі BBC телеарнасының ел аумағында хабар таратуына тыйым салды Бәрі бар 12.02.2021 Фото: Inform.kz Арнада көрсетілген жаңалықтар тиіс ережеде талап етілгендей «шыншыл және адал» болмаған. Сонымен қатар агенттік телеарна жаңалықтары Қытайдың ұлттық мүддесіне және ел бірлігіне нұқсан келтіретінін мәлімдеді. Мемлекеттік радио және телевизия басқармасы BBC World News-ке Қытайда хабар таратуға рұқсат бермейді. Биыл хабар таратуға өтінімдер қабылданбайды, — делінген хабарламада. BBC World News корпорациясы бұл шешімнің дұрыс емес екенін айтты. Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Доминик Рааб телеарнаға тыйым салу туралы шешімді «сөз бостандығын шектеу» деп атады. Қытайда әлемдегі БАҚ пен интернет бостандығына қатаң шектеулер бар және бұл қадам Қытайдың бүкіл әлемдегі беделіне нұқсан келтіреді, — деп жазды Рааб Twitter-парақшасында. Шешім Қытайдағы ұйғыр халқын кемсіту туралы BBC репортаждары, сондай-ақ коронавирус туралы туралы материалдар шыққаннан кейін қабылданды. Бұған дейін Ұлыбританияда Қытай Коммунистік партиясының бақылауында болған қытайлық China Global Television Network (CGTN) телеарнасынан лицензия қайтарып алынған. Осыдан кейін Қытай дипломаттары ВВС жаңалықтарының мазмұнына шағымдана бастады. Қытайдың Сыртқы істер министрлігі CGTN-ді ұлыбританиялық лицензиядан айыру туралы түсініктеме берген жоқ. Бірақ, кейінірек BBC телеарнасын Қытайдағы коронавирус туралы хабарлама үшін сынға алып, оны «әдеттегі жалған жаңалық» деп атады. BBC World NewsДоминик РаабҚытай WhatsAppFacebookTelegramTwitter Алдыңғы мақалаҚазақстанда 8 колледж жабылдыКелесі мақала«Қазгидромет» кәсіпорны мамандары 13-15 ақпан күндеріндегі ауа райына болжам жасады ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗТағы да Ұзақ уақыттан кейінгі жөндеу: Байқоңыр ауданында жаңартылған аулалар ашылды 05.05.2026 Өскеменде зауыттағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды 05.05.2026 Алматыда Сайран көлі маңынан қару-жарақ табылды 05.05.2026 Президент Айбек Дәдебайдың қызметін жоғары бағалады. Экс-басшы енді қайда жұмыс істейді? 05.05.2026 Алматыда ардагерлер мен тыл еңбеккерлері төлем алды 05.05.2026