Басты бетҚоғамЕлімізде COVID-19...

Елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны азайып келеді

Қазақстанда кейінгі бес күн қатарынан коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, жаңа дерек Маңғыстау облысынан өзге өңірлердің бәрінде тіркелді.

Павлодар облысында 208, Алматыда 118, Ақмола облысында 98 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Өңірлерде бүгінге дейін және бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:

Нұр-Сұлтанда — 23 213(+74);
Алматыда — 23 016(+118);
Шығыс Қазақстан облысында — 20 791(+86);
Атырау облысында — 16 492(+25);
Павлодар облысында — 15 412(+208);
Қарағанды облысында — 14 386(+29);
Ақмола облысында — 12 168(+98);
Батыс Қазақстан облысында – 11 701(+51);
Солтүстік Қазақстан облысында — 11 500(+61);
Қостанай облысында — 10 972(+80);
Алматы облысында — 9 782(+50);
Шымкентте — 5938(+8);
Жамбыл облысында — 5 681(+12);
Түркістан облысында — 4 176(+7);
Маңғыстау облысында — 4 127(+0);
Ақтөбе облысында — 4 021(+1);
Қызылорда облысында -3 657(+10).

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 197 033-ке жетті, оның 178 044-і сауығып шықты.