Жаңа дерек Павлодар облысында көп тіркелді, өңірде 222 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Ақмола облысында 118, Алматыда 114 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.
Өңірлерде бүгінге дейін және бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:
Нұр-Сұлтанда — 23 139(+75);
Алматыда — 22 898(+114);
Шығыс Қазақстан облысында — 20 705(+63);
Атырау облысында — 16 467(+43);
Павлодар облысында — 15 204(+222);
Қарағанды облысында — 14 357(+46);
Ақмола облысында — 12 070(+118);
Батыс Қазақстан облысында – 11 650(+83);
Солтүстік Қазақстан облысында — 11 439(+69);
Қостанай облысында — 10 892(+81);
Алматы облысында — 9 732(+47);
Шымкентте — 5 930(+5);
Жамбыл облысында — 5 669(+11);
Түркістан облысында — 4 169(+7);
Маңғыстау облысында — 4 127(+7);
Ақтөбе облысында — 4 020(+5);
Қызылорда облысында — 3 647(+7).
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 196 115-ке жетті, оның 2 601-і қайтыс болды, 176 744-і ауруды жеңді.