Басты бетЕлімізде COVID-19...

Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны 195 мыңнан асты

Жаңа дерек Павлодар облысында көп тіркелді, бір тәулікте өңірде 221 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырды. Нұр-Сұлтанда 140, Ақмола облысында 138, Алматыда 113 науқас анықталды.

Нұр-Сұлтанда -23 064(+140);
Алматыда — 22 784(+113);
Шығыс Қазақстан облысында — 20 642(+60);
Атырау облысында — 16 424(+44);
Павлодар облысында — 14 982(+221);
Қарағанды облысында — 14 311(+80);
Ақмола облысында — 11 952(+138);
Батыс Қазақстан облысында – 11 567(+91);
Солтүстік Қазақстан облысында — 11 370(+65);
Қостанай облысында — 10 811(+83);
Алматы облысында — 9 685(+64);
Шымкентте — 5 925(+7);
Жамбыл облысында — 5 658(+12);
Түркістан облысында — 4 162(+3);
Маңғыстау облысында — 4 120(+7);
Ақтөбе облысында — 4 015(+10);
Қызылорда облысында — 3 640(+8).

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 195 112-ге жетті, оның 175 901-і жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны — 2 595.

COVID-19 белгілері бар пневмония

5 ақпандағы мәлімет бойынша 69 дерек анықталды, 279 адам жазылып шықты. Пневмония кесірінен болған бірде-бір өлім жағдайы тіркелмеді!

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 48 295 адам коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырған. 37 225-і аурудан айыққан, 579 науқас қайтыс болды.

Коронавирус инфекциямен ауырғандардың жағдайы

7 ақпандағы мәлімет бойынша 27 107 адам короновирус инфекциясынан (16 616 КВИ+ және 10 491 КВИ-) емделіп жатыр, соның ішінде 5 771 пациент стационарда, 21 336 науқас амбулатория деңгейінде ем қабылдап жатыр.

Коронавируспен ауырып жатқандардың 269-ы ауыр жағдайда, сонымен бірге 48 пациенттің жағдайы өте ауыр. 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.