3 ақпанның қорытындысы бойынша жаңа дерек Павлодар облысында көп тіркелді, бір тәулікте өңірде 230 адам коронавирус жұқтырды.
Нұр-Cұлтанда төртінші күн қатарынан COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны көбейіп барады. 31 қаңтар күні астанада 61 дерек тіркелсе, кеше 153 адамнан коронавирус анықталды.
Өңірлердегі бүгінге дейінгі және бір тәуліктегі коронавирус жұқтырғандар саны:
Нұр-Сұлтан қаласында — 22 643(+153);
Алматы қаласында — 22 439(+111);
Шығыс Қазақстан облысында — 20 470 (+63);
Атырау облысында — 16 291(+58);
Павлодар облысында — 14 313(+230);
Қарағанды облысында — 14 096(+80);
Ақмола облысында — 11 497(+168);
Батыс Қазақстан облысында — 11 307(+109);
Солтүстік Қазақстан облысында — 11 179(+70);
Қостанай облысында — 10 563(+85);
Алматы облысында — 9 485(+70);
Шымкент қаласында — 5 905(+9);
Жамбыл облысында — 5 614(+10);
Түркістан облысында — 4 148(+23);
Маңғыстау облысында — 4 081(+16);
Ақтөбе облысында — 3 981(+18);
Қызылорда облысында — 3 627(+7).
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 191 639-ға жетті. Оның 172 209-ы аурудан айықты.