Сатурн ғаламшарының жаңа суреттері пайда болды

Берілген суретте Сатурн бетінде болған боран бейнеленген. Алдағы уақытта ғалымдар Сатурн ішінен өткен кездегі суреттерді алуды жоспарлап отыр.

Қараша айында Сатурнды зерттеу үшін «Кассини-Гюйгенс» атты ғылыми жоба қолға алынды. Ол 17-18 ғасырдағы танымал астроном — Жан-Доминик Кассини мен Христиан Гюйгенстің құрметіне аталған.

Айта кетейік, Жерден Сатурнға жету үшін 7 жыл уақыт кеткен. Ал жалпы ғаламшарды зерттеу 12 жылға созылып келеді.

Алдағы айларда «Кассини» станциясы бірнеше рет орбитасы мен траекториясын ауыстырып, қауіпті әдістер қолданып көрмек.

Дереккөзegemen.kz