Осыған орай бүгін қалалық маслихат депутаттығына үміткер Мақсат Абдукаримов «Сұңқар» медициналық мекемесінің ұжымымен кездесті. Онда, мекеме ұжымына бастауыш партияның алдағы 5 жылдық сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Кездесуде, әсіресе, денсаулық сақтау сапасын күшейту мәселесі кеңінен талқыланды.
Айта кетейік, пандемияға байланысты күрделі эпидемиологиялық ахуал кезеңінде медицина саласына түскен ауыртпалық 2 есе артты. Стационарлар мен провизор орталықтардағы төсек орындардың 96%-і науқастарға толды. Бұл медицина саласына ерекше көңіл бөлу қажет екенін көрсетті. Осы мақсатта Nur Otan партиясы жедел медициналық жәрдем станциясы толық жаңарады. Қаланың медицина ұйымдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылады. 2023 жылы шетелдік заманауи техникамен жабдықталған 1 000 орындық көпсалалы аурухана халықтың игілігіне беріледі. Медициналық нысандар тапшылығын шешу мақсатында алдағы 5 жылда 10 медициналық мекеменің құрылысы жүргізіледі. 2023 жылға дейін қаланың шет аймақтарында 12 дәрігерлік амбулаториялар салынады. Атап айтқанда, Шаңырақ, Тассай, Тәжірибе, Қызылсай, Достық, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл, Жиделі, Қайнарбұлақ, Асар-2, Қызылсу, Бадам-2 шағын аудандарында бой көтереді деп жоспарланған.
2021 жылы бедеулікті емдеу үшін «Репродуктивті медицина институтының Шымкент қалалық филиалы» ашылады. Бұл өз кезегінде, жыл сайын 500-ден астам азаматты қаламызда емдеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде халықтың өмір сүру ұзақтығы 74,6-дан 77,4 жасқа дейін ұзарады.
Айта кетейік, Шымкенттің сайлауалды бағдарламасы да праймериз кезеңінде тұрғындардан түскен ұсыныстар негізінде дайындалды. Нақтырақ айтқанда, қала тұрғындарынан келген 685 ұсыныстың 98%-і NurOtan партиясының сайлауалды бағдарламасының негізі бағытарының біріне айналды.
Ескерту: Nur Otan партиясының Шымкент қаласындағы Сайлау қорының қаражатынан төленді.