Nur Otan партиясы: Шымкентте 10 медицина мекемесі салынады

Қатысушыларға партияның бағдарламасы түсіндіріліп, талап-тілектер мен қала өмірін жақсарту, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша ұсыныстар тыңдалды. Жиында медицина мәселесі де көтерілді.

Бүгінде біз дамудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Жағдайдың күрделі екеніне қарамастан біз даму мен өркендеу жолында одан әрі қадам басуға тиіспіз. Сондықтан Nur Otan партиясы тұрғындардың проблемаларын жедел әрі тиімді шешу мақсатында осы сайлауалды бағдарламасын жасап отыр. Бұл құжатымыздың ерекшелігі — тұрғындардың лайық өмір сүруі үшін барлық сала қамтылып, күрмеуі қиын мәселелердің шешілу жолдары қарастырылған. Бұл жолда біз көздеген мақсатымыз бен арманымызға бірге жетеміз!  – деді Мұхит Асанов.

Кандидат пандемияға байланысты медицина саласына түскен ауыртпалық 2 есе артқанын және осы жағдай медицина саласына ерекше көңіл бөлу қажеттігін көрсеткенін айтты.

Шымкент, Nur Otan
Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Осы мақсатта Nur Otan партиясы мынадай істерді қолға алады:

  • Біріншіден, жедел медициналық жәрдем станциясы толық жаңартудан өтеді;
  • қаланың медициналық ұйымдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылады (өкпені жасанды желдету аппараттары, пульсоксиметрлер, КЩС анализаторлары, «Бобров» аппараттары, пациенттің мониторлары, шприцті сорғы, электрокардиографтар, флюорографтар және тағы басқалары сатып алынады);
  • 2023 жылы шетелдік заманауи техникамен жабдықталған 1000 орындық көпсалалы аурухана халық игілігіне беріледі;
  • Медициналық нысандар тапшылығын шешу мақсатында алдағы 5 жылда 10 медициналық мекеменің құрылысы жүргізіледі: 2021 жылы – 2; 2022 жылы – 3; 2024 жылы – 2; 2025 жылы – 3.
  • 2023 жылға дейін қаланың шет аймақтарында 12 дәрігерлік амбулаториялар салынады. Атап айтқанда: Шаңырақ, Тассай, Тәжірибе, Қызылсай, Достық, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл, Жиделі, Қайнарбұлақ, Асар-2, Қызылсу, Бадам-2 шағын аудандарында бой көтереді;
  • 2020-2021 жылдары №1 емхана, №2-ші аурухана, қалалық перзентхана және «Ана мен бала» орталығы күрделі жөндеуден өтеді;
  • 2024 жылға дейін қаладағы 36 медицина мекемесінің материалдық-техникалық базасы жаңартылады.
  • Екіншіден, Медицина қызметінің сапасын арттыру мақсатында жыл сайын медицина саласындағы кадрлардың 30%-ін қамтып, Израиль, Германия, Ресей, Литва елдерінің жетекші мамандарымен шеберлік-кластар өткізіледі;
  • Кардиологиялық орталық «Ұлттық ғылыми кардио-хирургиялық орталықтың» басқаруына беріліп, алғаш рет жүрекке трансплантация оталары жасалады;
  • 2021 жылы қатерлі ісік ауруларын емдеу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында позитронды-эмиссиондық томография  іске қосылады;
  • 2021 жылы бедеулікті емдеу үшін «Репродуктивті медицина институтының Шымкент қалалық филиалы» ашылады. Бұл өз кезегінде, жыл сайын 500-ден астам азаматты қаламызда емдеуге мүмкіндік береді;
  • 2021-2025 жылдар аралығында қарттардың жағдайын жасау мақсатында 4 «Өмір сапасын ұзарту орталығы» салынады;
  • «Симуляциялық орталығы» қызметі сапалы түрде жүзеге асырылады;
  • Шұғыл медициналық көмек қызметі жаңғыртылып, «кешенді медициналық ақпараттық жүйесі енгізіледі.
  • Нәтижесінде Халықтың өмір сүру ұзақтығы 74,6-дан 77,4 жасқа дейін ұзарады.

Nur Otan партиясы проблемаларды нақты түсінеді және әр азаматтың мүддесі үшін жұмыс істейтін қуатты ресурстарға ие.

Ескерту: Nur Otan партиясының Шымкент қаласындағы Сайлау қорының қаражатынан төленді.