Ауыл тұрғындарының мәселесі  Nur Otan партиясының бақылауында

Депутаттыққа үміткерлер жиналғандарды партияның жұмысымен және оның бағдарламалық құжаттарымен таныстырды. Партияның биыл жүргізген реформалары туралы айтты. Мысалы, осы сайлау науқанына белсенді өмір салтымен айналысатын көптеген жас қатысады.

Жиналғандар алдында әртүрлі деңгейдегі депутаттыққа үміткерлер — Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Марат Сырлыбаев, «Той Дастархан» серіктестігінің директоры Елена Мащинская, «Көкшетау Минводы» акционерлік қоғамының директоры Станислав Максимец, Көкшетау теміржол вокалының бастығы  Роза Арыстан, «Раисов» ЖК кәсіпкері Айдын Райсов, К.Шәкеев атындағы ақындар мектебінің жетекшісі Мұхаммед Қонқаев, Көкшетау қалалық Nur Otan партиясы сайлауалды штабының өкілі Зәуреш Нұрымовалар сөз сөйледі.

ауыл тұрғындары, Nur Otan
Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Олар Ақмола облысы мен Көкшетаудың өмірінде болып жатқан оң өзгерістерді атап өтті: өңірде жолдар, мектептер, ауруханалар салынуда, жаңа ғимараттар мен көпқабатты үйлер бой көтеріп жатыр. Спикерлер осының бәрінде Nur Otan партиясының ықпалы зор екенін айтты.

Еліміз — жас мемлекет және әрине, әлі де жасалатын көптеген істер бар. Сондықтан бүгін сіздердің алдыңызда бұл жұмыстарға бей-жай қарай алмайтын жауапты адамдар тұр. Олар мұнда тек шоу үшін келген жоқ. Олар халықтың бар қиындықтарын өз жанымен сезіне білетін адамдар, — деді Елена Мащинская.

Партия мүшелері үнемі қарттар үйі мен балалар үйіне  барып, олардың мұң-мұқтажын назарға алып, қолдау көрсетіп отырады. Кандидаттар мемлекетіміздің жалғызбасты қарттар мен жетімдерге қамқорлық, жайлы өмір сүру жағдайын жасайтын мемлекет екенін де айтты.

Жиналғандар алдында сөз сөйлеушілер пандемия кезіндегі партияның қайырымдылық істерін атап өтті.  Әсіресе, партия мүшелері жалғызілікті қарттарға тегін тамақ тартып қана қоймай, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек көрсеткені де белгілі. Мұндай қолдауды осы жиында сөз сөйлеген кәсіпкер, көпбалалы әке Айдын Райсов та сезінді.

Пандемия кезінде «Көкшетау минводы» акционерлік қоғамының директоры Станислав Максимец те барлық аурухана мен бақылау бекетін ауызсумен қамтамасыз етуде ақмолалықтарға көмек көрсетті.

Жиналғандар партия базасында қоғамдық қабылдау бөлмесі бар екенін, онда әркім өз сұрақтарымен жүгіне алатынын да еске салды.

«Бірлік» шағын ауданының кітапханасында депутаттармен өткен кездесуге келген ауыл ақсақалдары мен жас аналар олардың әрқайсысы өздерін мазалайтын сұрақтарды қоюға тырысты. Олардың көпшілігі автобустармен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандырылмауы, шағын ауданның кейбір бөлігін сумен қамтамасыз ету мәселелерін алға тартты. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар балалардың ойын алаңдарының жетіспеушілігі де ерекше назар аударуды қажет ететінін айтты. Атап айтқанда, жаз мезгілдерінде балалар жақын арада салынған тасжолдың жүру бөлігінде ойнауы, балаларды көлік қағып кетуі жас аналарды алаңдататыны жасырын емес.

Жылдан-жылға шешілмін таппай келе жатқан бір мәселе — бұл шағын ауданда саябақтың жоқтығы. Құрылысқа рұқсат беретін құжаттар бар, бірақ мәселе ашық күйінде қалып отырғаны өкінішті-ақ.

Кандидаттар барлық мәселе бойынша түсініктемелер берді. Сонымен қатар тұрғындарға әрбір өтінішті ретке келтіріп, мәселелердің шешілуін бақылауға уәде берді. Көптеген тұрғын Nur Otan партиясына ризашылықтарын білдірді, өйткені партияға үндеулерінен кейін жағдайдың жақсы жаққа қарай өзгергенін байқап отыр.

Кездесу соңында үміткерлер тағы да жиналғандарды, олардың туыстары мен достарын белгіленген күні өздерінің сайлау учаскелеріне келіп, Nur Otan-ға дауыс беруге шақырды.

Дұрыс таңдау жасаңыз және балаларымыздың болашағы мен мемлекетіміздің өркендеуі жолында  атсалысатындар үшін дауыс беріңіз, — деді Елена Мащинская.

Ескерту: Материалдың қаражаты Nur Otan партиясының Ақмола облыстық Сайлау қорынынан төленген.