Басты бетҚоғамҚазалы ауданында...

Қазалы ауданында 375 жас маманға үй беріледі

Кандидаттардың Кәукей ауылындағы кездесуіне санитария талабын сақтай отырып 20 тұрғын қатысты.

Кездесуде үміткер Нұрғиса Жалғасбаев партияның 5 жылға жасаған бағдарламасы негізінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 375 жас маманды ауылға тұрақтандыру үшін тұрғын үй беру, көтерме жәрдемақы беріп жағдай жасайтынын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ кездесу барысында кандидаттар шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы, мемлекеттік органдармен бірлесіп жастардың жұмыспен қамтылуына партия ерекше жұмыс істейтінін айтты.

Кандидатармен кездесу барысында ауыл тұрғындары толғандырып жүрген мәселелерді алға тартып, ұсыныстарын да жеткізді.

Ескерту: Nur Otan  партиясы Қызылорда облысы Қазалы ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.