«Қызыл» аймаққа енген өңірлерде 30 адамға дейін жиналуға болады

Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингі кезінде айтты.

Өзіміз құрған матрицаға байланысты «жасыл», «сары», «қызыл» аймаққа кірген облыстарға ерекше карантин шектеулерін енгізіп отырмыз. Біріншіден, «сары» аймаққа кірген өңірлерде ресторандарға 30-50 адамға дейін жиналуға рұқсат етілген. «Қызыл» аймаққа кірген облыстар мен қалаларда адам саны 30-ға дейін шектелген. 30 адамға дейін бұрын да, жазда да рұқсат бергенбіз. Бірақ үлкен, ұжымдық іс-шараларды, концерттерге қатаң тыйым саламыз, — деді бірінші вице-министр.

Тағы оқыңыз: Марат Шоранов: Жаңа жылдан кейін коронавирусқа қатысты ахуал өзгеруі мүмкін