Сайлауалды штаб мүшелері мәдениет саласының мамандарымен кездесті

Кездесуге аудандық сайлауалды штабы мүшелері, мәдениет саласының қызметкерлерімен, БАҚ өкілдері, барлығы 30 адам қатысты. Кездесу барысында Республикалық сайлауалды штаб мүшесі, Nur Otan партиясы республикалық қоғамдық қабылдауының консультанты, қоғам қайраткері Мұқибек Ауыт еліміздегі атқарылып жатқан ауқымды шаралардың жүзеге асырылуы, ондағы Nur Otan партиясының қай сала болмасын ықпал етіп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін атқарып отырған жұмыстары, Тәуелсіздіктің 29 жылы ішінде еліміздің жеткен жетістіктері жайлы тоқталды.

Nur Otan, Іле ауданы
Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Сонымен қатар Мұқибек Ауыт ағамыз осыдан 25 жыл бұрын елімі деп келген қандастардың бірі екенін, қандастардың еліміздің көркейіп дамуына өз үлестерін аямай қоса беретіні жайлы, және 10 қаңтар күні Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды. Республикалық сайлауалды штаб мүшесі, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылдық ауруханасының бас дәрігері Құраметова Гульнара Сьезбекқызы сөз сөйлеп, еліміз, облыс бойынша денсаулық сақтау саласындағы атқарылып жатқан шараларға, пандемия кезіндегі ұлттың саулығы үшін дәрігерлердің аянбай еңбек етіп жатқаны, сайлауалды бағдарламадағы басым бағыттарға тоқталды.

Nur Otan, Іле ауданы
Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Кездесу барысында аудандық кітапхана директоры Бұдұғұлова Қарлығаш Тұранқызы Боралдай кентіндегі кітапхана ағымдағы жөндеуді қажет етеді. Осы мәселені назарға алсаңыздар деген тілегін білдірді. Штаб мүшелері тарапынан Боралдай кентіндегі кітапханаға 2021 жылға облыстық бюджеттен 10 млн. тенге көлемінде қаржы бөлінетіні, осы бөлінген қаржы мөлшеріне сай ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырғанын айтылды. Ақши ауылдық мәдениет үйінің директоры м.а.Есімбеков Анипулла Ақши ауылдық мәдениет үйін газ жүйесіне қосу жұмыстарының барысы қалай ауал қойды. Ақши ауылдық мәдениет үйін газ жүйесіне қосу бойынша жобалық сметалық құжаттары дайын, мемлекеттік сараптамадан өтті, облысқа тапсырыс берілді, қаржы көлемі 40 млн ға жуық, ендігі кезекте мәслихатта қаралып бекітілетін болатыны жайлы түсініктеме берілді.

Жетіген ауылдық кітапхана меңгерушісі Мукашева Айнұр Тұрлыбекқызының Жетіген ауылында мәдениет ошағының ғимараты салына ма деген сұрағына штаб мүшесі Е.Тұрымбетов бүгінгі таңда аудан орталығымен қоса, 4 ауылдық окургтерде мәдениет үйлерін салу жоспарланғаны, солардың біреуі Жетіген ауылында, биылға осы 4 ауылдық мәдениет үйлеріне 3 млн. тенгеден қаражат мөлшері бөлініп отырғаны, Жетіген ауылы бойынша мәдениет үйін салатын жер мәселесі шешіліп отырғаны жайлы айтты. Аудандық мәдениет саласы қызметкерлері атынан Қ.Ахметбаева сөз сөйлеп, республикалық саййлауалды штабы мүшелерінің жұмысына сәттілік тіледі және мәдениет саласы қызметкерлері бірауыздан 2021 ж. 10 қаңтар күні Nur Otan партиясына дауыс беретіні жайлы айтты.

Ескерту: Nur Otan партиясы Іле аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.