Кандидаттар партияның алдағы уақытта атқаратын жұмыстарын таныстырды. Партияның сайлауалды бағдарламасында ауданды дамытудың 7 бағытын түсіндірді. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту.
Біздің партия аудан тұрғындарының үмітін ақтау, халықтың барлық тобының мүддесін білдіру және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажет шараны қабылдайды. Біз сіздерді аудандық мәслихат сайлауында Nur Otan партиясын қолдауға шақырамыз. Ауданымызды әртараптандырып, бәсекеге қабілетті экономика және өмір сүру үшін жайлы аумақ ететін нақты шаралар ұсынамыз, — деді Nur Otan партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов.
Облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер Секенбай Шеңгелбаев ауданның дамуы мен өркендеуі үшін барлық азаматпен және қоғамдық бірлестіктермен идеялар алмасуға және ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді.
Nur Otan партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың игілігіне жұмыс істеуді жалғастырады. Біз алдымызға сіздердің сеніміңізді ақтау міндетін қоямыз, — деді ол.
Үміткерлер ауданның әрбір тұрғынының жайлы өмір сүруі, дамуы және өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барлық мүмкіндікке ие болатын бақуатты қоғамды бірге құруға үгіттеді.
Ескерту: Nur Otan партиясының Алматы облысы Көксу аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.