Кездесуде Nur Otan партиясының алдымыздағы 5 жылда атқарылатын жұмыс жоспары, сайлауалды бағдарламасы айтылды. Сонымен қатар Nur Otan партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Аманбайұлы депутаттыққа үміткерлерді жеке-жеке таныстырып, олардың мақсаттарын және осы уақытқа дейін тындырған шаруаларын түсіндірді. Атап айтар болсақ, жиналған жұртшылыққа сайлауалды бағдарламаның ішінде дамудың жеті басымдығы таныстырылды:
- Экономкалық тұрақты аудан;
- Қолайлы аудан;
- Әлеуметтік бағытталған аудан;
- Жастарға арналған аудан;
- Тарих пен мәдениетті дамыту;
- Ашық және есеп беретін жергілікті органдар;
- Қауіпсіз аудан.
Nur Otan партиясының бұл бағытының мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау.
Бұған қоса, облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер Секенбай Шеңгелбаев сайлауаға қатысты мәліметтерін бөлісіп, тұрғындардың тарапынан қойылған әрбір сұраққа баса назар аударып, түсінікті түрде жауап берді.
Айта кетейік, сайлауда мәслихат депутаттығына 26 кандидат бар. Оның 24-і — аудандық, ал қалған 2-і — облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер. Кездесудің соңында үміткерлер бірауыздан Nur Otan партиясының Көксу ауданы тұрғындарының үміттерін қанағаттандырып, халықтың барлық топтарының мүдделерін қорғап және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажет шараны қабылдайтынын айтты.
Ескерту: Nur Otan партиясының Көксу аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.