Басты бетҚоғамҚазақстанда коронавирустың...

Қазақстанда коронавирустың 794 жаңа дерегі тіркелді

Жаңа дерек республиканың барлық өңірінде анықталды. 12 желтоқсанның қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысында 97, Нұр-Сұлтанда 88, Алматыда және Павлодар облысында 80 адам COVID-19 жұқтырғаны белгілі болды.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 141 587-ге жетті. Оның ішінде:

Шығыс Қазақстан облысында — 97;
Нұр-Сұлтанда — 88;
Алматыда — 80,
Атырау облысында — 50,
Қарағанды облысында — 30,
Батыс Қазақстан облысында — 38,
Павлодар облысында — 80,
Солтүстік Қазақстан облысында — 67,
Қостанай облысында — 75,
Алматы облысында — 62,
Ақмола облысында — 72,
Шымкентте — 1,
Жамбыл облысында — 26,
Ақтөбе облысында -13,
Түркістан облысында — 3,
Маңғыстау облысында — 9,
Қызылорда облысында — 3.

Елімізде барлығы 125 380 адам COVID-19-дан жазылды, бүгінге дейін 2 138 науқас қайтыс болды.