Басты бетМедицинаЕлімізде коронавирустың...

Елімізде коронавирустың тағы 729 дерегі анықталды

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 138 382-ге жетті. Оның ішінде:

Шығыс Қазақстан облысында — 17 329 (+95);
Алматыда — 16 667(+68);
Нұр-Сұлтанда -16 641(+106);
Атырау облысында — 11 905(+34);
Қарағанды облысында — 11 328(+30);
Батыс Қазақстан облысында — 8 378(+34);
Павлодар облысында — 7 310(+98);
Солтүстік Қазақстан облысында — 7 159(+70);
Қостанай облысында — 6 029(+74);
Алматы облысында — 5 979(+22);
Ақмола облысында — 5 862(+60);
Шымкентте — 5 406(+4);
Жамбыл облысында — 4 572(+22);
Ақтөбе облысында — 3 539(+8);
Түркістан облысында — 3 517(+0);
Маңғыстау облысында — 3 459(+3);
Қызылорда облысында — 3 302(+1).

Жазылып шыққандар

Қазақстанда 944 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

Нұр-Сұлтанда — 74;
Алматыда — 41;
Шымкентте — 14;
Ақмола облысында — 86;
Ақтөбе облысында — 47;
Алматы облысында — 153;
Шығыс Қазақстан облысында — 151;
Жамбыл облысында — 14;
Батыс Қазақстан облысында — 33;
Қарағанды облысында — 7;
Қостанай облысында — 205;
Маңғыстау облысында — 1;
Павлодар облысында — 91;
Солтүстік Қазақстан облысында — 24;
Түркістан облысында — 3.

Елімізде барлығы 122 291 адам COVID-19-ды жеңді.

Ауырып жатқандар

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 13 986 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 1 003 бала бар. 3 747 науқас  стационарларда, 10 239 адам амбулатория жағдайында ем алып жатыр.

Жалпы науқастардың арасында 231 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 33 науқастың жағдайы аса қатты ауыр. 38 науқас өкпені  жасанды желдету аппаратына қосылған.

COVID-19 белгілері бар пневмония

Өткен тәулікте 215 дерек тіркелді. Бір тәулік ішінде 109 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 43 339 адам коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырған, 456 адам қайтыс болды, барлығы 31 141 адам айықты.