Басты бетҚоғамҚазақстан азаматтары...

Қазақстан азаматтары 31 желтоқсанда неге демалмайды?

Министрлік «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес, мереке күндері қазақстандықтар жұмыс істемейтінін хабарлады.

31 желтоқсан Қазақстанда мереке күніне жатпайды. Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес Үкімет жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында мереке күндерін басқа жұмыс күніне ауыстыруға құқы бар. Үкіметтің 2019 жылғы 1 қарашадағы «2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы» қаулысына сәйкес, жұмыс күні болып саналатын 31 желтоқсан демалыс күніне ауыстырылған жоқ, — делінген министрлік таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалатынын хабарлаған едік.

Жаңа жыл мерекесіне орай 1-2 қаңтар демалыс, бірақ 2 қаңтар сенбіге түскендіктен демалыс күні 4 қаңтарға, дүйсенбіге ауысады. Осылайша, 5 күн жұмыс істейтіндер 1, 2, 3, 4 қаңтарда, ал 6 күн жұмыс істейтіндер 1, 2, 3 қаңтарда демалады.

Келесі демалыс 7 қаңтарға, бейсенбіге сәйкес келеді. Бұл күні қазақстандықтар Рождествоны атап өтеді.