Жаңа жыл мен Рождество мерекесіне орай неше күн демаламыз?

Uchet.kz порталының хабарлауынша, Жаңа жыл мерекесіне орай 1-2 қаңтар демалыс, бірақ 2 қаңтар сенбіге түскендіктен демалыс күні 4 қаңтарға, дүйсенбіге ауысады.

Осылайша, 5 күн жұмыс істейтіндер 1, 2, 3, 4 қаңтарда, ал 6 күн жұмыс істейтіндер 1, 2, 3 қаңтарда демалады.

Келесі демалыс 7 қаңтарға, бейсенбіге сәйкес келеді. Бұл күні қазақстандықтар Рождествоны атап өтеді.

Жаңа жыл демалыс
Иллюстрация: Uchet.kz

31 желтоқсан — ресми жұмыс күні.

Еске салайық, бұған дейін 2020 жылдың желтоқсан айында қазақстандықтар неше күн демалатынын хабарлаған едік. Бұл айда 11 демалыс күні бар.

Қазақстандықтар сенбі, жексенбіні қоспағанда 1 желтоқсан — Тұңғыш президент күні демалды. Енді азаматтар Тәуелсіздік күніне орай 16, 17, 18, 19 желтоқсан күндері демалады. Айта кетейік, 18 желтоқсандағы жұмыс күні жексенбі, 20 желтоқсанға ауысады.