Басты бетҚоғамТүркия мен...

Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе рейсі қысқарады

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2020 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстан және Түркия арасындағы екі елдің әуе компаниялары орындайтын рейстер санын аптасына 20-дан 10-ға дейін қысқартты.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, рейстер екі елдің санитария-эпидемиология талаптарын қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Қазақстан және Түркия арасындағы рейстер кестесіндегі өзгерістер туралы әуе компанияларының анықтама қызметтерінен немесе билет сатып алған орындардан нақтылауға болады.