Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе рейсі 1 қыркүйекте ашылады

Әуе рейстерінің нақты қашан ашылатынын Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоглу мәлімдеген. Түркия 92 мемлекетпен әуе рейстерін қайта ашу туралы келіссөз жүргізген.

Еске салайық, бұған дейін Түркия Қазақстаннан әуе рейсін орындауға себепсіз тыйым салғанын хабарлаған едік. Кейін МСМ туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков Қазақстаннан Түркияға әуе рейстерін 10 тамыздан бастап ашу жоспарланғанын айтқан болатын.